«Барселона» ФИФА-дан миллиондап өтемақы алады

Каталониялық «Барселона» 19 жастағы жартылай қорғаушысы Гавидің жарақатынан кейін ФИФА-дан өтемақы алады, деп хабарлайды Prosports.kz.
ФИФА клубтарды қорғау бағдарламасы аясында каталониялықтарға ақша төлейді. Бұл ақша ойыншының жарақатынан кейін 28-күнде беріледі және оның жалақысына байланысты болады.
Бір ойыншының жарақатына байланысты берілетін ең үлкен сома жылына 7,5 млн еуро болады. Айта кетейік, БАҚ ақпараты бойынша, испаниялық футболшының жалақысы жылына - 8 млн еуро.
Ол 6-8 ай футбол ойнай алмайды, осыған байланысты өтемақы сомасы 3 082 200 және 4 315 080 еуро арасында болады.