русский язык
ММА

Еркебұлан Тоқтарды жеңген өзбек файтері тағы да қазақ спортшысынан басым түсті. Видео

Еркебұлан Тоқтарды жеңген өзбек файтері тағы да қазақ спортшысынан басым түсті. Видео

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан OCTAGON 52 аралас жекпе-жек кеші аясында турнирдің негізгі кардының алғашқы жекпе-жегі өтті, деп жазады Prosports.kz

Жеңіл салмақта өзбек файтері Одилхон Камолов (3-2) екінші раундта қазақстандық Сержан Серіковті жеңді.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Аян Тұрсын (4-0) мен ресейлік Марина Шутова (5-2-1) кездеседі.

Негізгі жекпе-жекте қазақстандық UFC-ге үміткер файтер Бекзат Алмахан (16-1) 29 жастағы бразилиялық Ян Ферразбен (15-5) кездеседі. Бұл жекпе-жекті әлемнің ең үздік лигасының матчмейкерлері бақылайды.

Дамир «қазақ сехудосы» Төленов (10-1) кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейін бразилиялық Эдсон Амориммен (9-4-1) кездеседі. Сондай-ақ Нұржан «бизон» Ақышев (15-4) келесі кездесуін өткізеді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 52 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;