русский язык
Бокс

Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін

Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін

Өзбекстан астанасында өткен кәсіпқой бокс кешінен соң қазақстандық былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтанов келесі жекпе-жекті кіммен өткізуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кеше Ташкенттегі Humo Arena-да ауқымды кәсіпқой бокс кеші өтті. Онда отандасымыз Чили өкілі Хулио Аламоспен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Бұл Мейірім Нұрсұлтановтың кәсіпқой мансабындағы жиырмасыншы жекпе-жегі. Айта кетейік, ол осы кезге дейінгі кездесулердің барлығын жеңіспен аяқтады.

«Жекпе-жекке аз уақыт қалғанда қарсылас өзгерді. Тиісінше, кездесу қиын болды. Менде дайындықтың барлығы неміс боксшысына болды. Қиындықтардың болғаны жекпе-жекте де көрінді. Қарсыласты зерттеу үшін уақыт аз болды. Өзім шаршы алаңға нокаутқа түсіремін деп шықпаймын. Ол бір ұтымды сәт. Дегенмен бұл кездесуде оның орайы болмады», - деді Kazinform тілшісінің сауалына жауап берген М.Нұрсұлтанов.

Ол сондай-ақ келесі жекпе-жекті қандай боксшыға қарсы өткізуі мүмкін екенін айтты.

«Біраз демалып, кейін дайындықты бастаймыз. Джермалл Чарло мен Карлос Адаместің қайсысы келесі жекпе-жекке шығатынын күтеміз. Мен қазір орта салмақта WBC белбеуіне міндетті қарсылас болып тұрмын. Барлығын уақыт көрсетеді, біз дайынбыз», - деп түйіндеді қазақстандық кәсіпқой боксшы.

Айта кетсек, қазір WBC тұжырымдамасында орта салмақ бойынша чемпиондық атақ америкалық былғары қолғап шебері Джермелл Чарлоның еншісінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;