русский язык
ММА

Жалғас Жұмағұлов UFC-де жұдырықтаса алатын қазақстандық файтерлерді атады

Жалғас Жұмағұлов UFC-де жұдырықтаса алатын қазақстандық файтерлерді атады

Қазақстандық жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC промоушенімен келісімшартқа отыра алатын қазақстандық спортшыларды атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемнің үздік промоушені UFC-де жұдырықтасқан файтер Жалғас Жұмағұлов қазақстандық файтерлер туралы сөз қозғады.

«Әліби Идрис UFC промоушенінде көп жетістікке жете алады. Өте тәрбиелі және еңбекқор жігіт. Нұрбек Қабдрахманов та сол тізімде. Түсінігі өте мол адам деп білемін. Бағдат Жұбаныш та тамаша файтер. Бірақ салмақ дәрежесі келмейді. Сонымен қатар Дастан Амангелдіні де айтар едім», – деді Жалғас Жұмағұлов.

Айта кетейік, ережесіз жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-9) 6 желтоқсанда қазақстандық промоушен ұйымдастыруымен өтетін Naiza 55 турнирінде бразилиялық файтер Яго Рибейроға (12-3) қарсы жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;