русский язык
Әлем футболы

Алғаш болып: Роналду тағы бір тарихи рекордқа қол жеткізді

Алғаш болып: Роналду тағы бір тарихи рекордқа қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 38 жасында ұлттық команда сапында 10 гол соққан алғашқы футболшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы Еуро-2024 іріктеу турнирінің тоғызыншы турында Лихтенштейн қақпасына гол соқты.

Қазір Роналду осы іріктеудегі 10 голымен үздік сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр. Бельгия құрамасының шабуылшысы Ромелу Лукаку да он гол салған.

Роналду құрама сапында 203 матч өткізіп, 127 гол соққан.

Криштиану 2022 жылдың желтоқсанынан бері Сауд Арабиясының «Әл‑Наср» клубында ойнайды. Футболшы саудиялық клуб сапындағы 36 матчта 30 гол салып, 11 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;