WBO үздік боксшы деп таныған Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте жекпе-жек өткізеді
![WBO үздік боксшы деп таныған Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте жекпе-жек өткізеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/201131_dfce87829a326d250978678c33d65a6.jpg?v=28667943)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11КО) Чили өкілі Хулио Аламосқа (16-1, 9КО) қарсы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу процедурасынан өтті.
Нұрсұлтанов орта салмақ санатының лимитінен аспай, таразы 72,5 келі көрсетті. Оның қарсыласының көрсеткіші – 72,3 келі. Боксшылар салмақ өлшегеннен кейін дәстүрлі түрде көз арбасу рәсімін өткізді. Нұрсұлтанов – Аламос айқасы 17 қараша кұні Өзбекстанның астанасы – Ташкентте өтеді. Жекпе-жек статусы – WBC желісі бойынша іріктеу кездесу.
Айта кетейік, жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша 2023 жылдың орта салмақтағы үздік боксшысы атанды. Сондай-ақ ол BoxRec.com сайтында салмақ дәрежесінен тыс қазақстандық боксшылар рейтингінде көш бастап тұр.