«Қазақ Сехудосын» жеңген бразилиялық файтер чемпиондық белбеуге таласады
![«Қазақ Сехудосын» жеңген бразилиялық файтер чемпиондық белбеуге таласады](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/201736_ff4b42415fa6985f9e445d8ae258e5e8.jpg?v=28698665)
Еуразиялық жекпе-жек лигасы ресми Instagram парақшасында OCTAGON 53 турнирінің басты жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz
Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақ дәрежесіндегі қазақстандық Сүндет Айтқұл (6-1) мен бразилиялық Клаудеси Брито (9-2) кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы ұйымның жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы болады.
Бразилиялық файтер ұйымдағы алғашқы жекпе-жегін OCTAGON 50 турнирінде өткізіп, «қазақ сехудосы» Дамир Төленовті (10-1) мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты.
Айта кетейік, 18 қарашада Алматыда OCTAGON 52 турнирі өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Аян Тұрсын (4-0) мен ресейлік Марина Шутова (5-2-1) кездеседі.
OCTAGON 52 ивентіне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады