Мальта — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы
![Мальта — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/201736_15c893c36a82d91bed5585f519cf593d.jpg?v=28663576)
16 қараша Паола қаласында футболдан жастар арасындағы (21 жасқа дейінгі) ЕУРО-2025 іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы мен Мальта кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мальта — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы астана уақытымен сағат 23:00-де басталады, ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Мальтадан бөлек Испания, Бельгия, Шотландия және Венгрия құрамасымен бірге «В» тобында бақ сынап жатыр.