русский язык
Әлем футболы

«Ювентус» «Манчестер Юнайтедке» Джейдон Санчоға қатысты ұсыныс жасады

«Ювентус» «Манчестер Юнайтедке» Джейдон Санчоға қатысты ұсыныс жасады

Италиялық «Ювентус» англиялық «Манчестер Юнайтедке» жартылай қорғаушы Джейдон Санчоға қатысты ұсыныс жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі журналист Фабрицио Романоға сілтеме жасап.

«Ювентус»23 жастағы Санчоны жалға алғысы келеді және оның жалақысының бір бөлігін төлеуге дайын.

Жартылай қорғаушының өзі қысқы трансфер кезеңінде «Манчестер Юнайтедтен» кетуі мүмкін. МЮ жартылай қорғаушыны сатқысы келетіндіктен, клубтар арасындағы келіссөз әлі басталған жоқ.

Осы маусымда Санчо «Манчестер Юнайтед» сапында үш матч өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;