русский язык
Әлем футболы

«Холанд пен Альваро Мората бір деңгейде»: Симеоне үздік шабуылшыларды атады

«Холанд пен Альваро Мората бір деңгейде»: Симеоне үздік шабуылшыларды атады

«Атлетико Мадридтің» бас бапкері Диего Симеоне әлемнің үздік шабуылшыларын салыстырды, деп хабарлайды Nur.kz сайты Еl Larguero Youtube арнасына сілтеме жасап.

Испанияның «Атлетико Мадрид» командасының бас бапкері Диего Пабло Симеоне Еl Larguero Youtube арнасына берген сұхбатында әлемнің үздік шабуылшыларын салыстырды.

«Альваро Моратаны гол соғу машығы мен көрсеткіш жағынан алып қарағанда, әлемнің үздік футболшыларының бірі деуге болады. Осы тұстары Эрлинг Холандпен бір деңгейде», – деді Симеоне.

Айта кетейік, Альваро Мората Испания чемпионатының осы маусымында «Атлетико» сапында 12 матч өткізіп, 7 гол соққан. Ал Эрлинг Холанд АПЛ-да 12 матч өткізіп, 13 мәрте гол авторы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;