русский язык
ММА

Конор МакГрегордың келесі жекпе-жегі қашан өтеді?

Конор МакГрегордың келесі жекпе-жегі қашан өтеді?

Екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы UFC чемпионы, ирландиялық Конор МакГрегордың бапкері Джон Кавана файтердің оралу уақыты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз сәуірге үміттенген едік, жоспар солай болды, бізге солай айтты, бірақ қазір жазда болатын сияқты. UFC оны Халықаралық жекпе-жек аптасына қалдыра ма? Мен білмеймін. Сәуір туралы естіген едік, қазір шілде. Бұл ақырзаман емес, бір-екі ай ғана. Иә, жақсы ештеңе жоқ, бірақ ол қазір жаттығудан ләззат алып жүр, неге сол солай жалғастырмасқа?», — деді Кавана The MMA Hour подкастында.

Естеріңізге сала кетейік, МакГрегор 2021 жылы шілдеде UFC 264 турнирінде америкалық Дастин Пуарьеге қарсы жекпе-жектің бірінші раундта аяғын сындырып, мерзімінен бұрын жеңіліп қалғаннан кейін жекпе-жек өткізбеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;