Роналду жаңа тарихи рекорд жасады
![Роналду жаңа тарихи рекорд жасады](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/201131_c9419f5d5b7a2bdf4cc8a60c21d7096d.jpg?v=28702118)
Португалия ұлттық құрамасы мен "Әл-Наср" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа тарихи рекорд орнатты. Ол енді сырт алаңда соққан голдар саны бойынша үздіктер көшін бастады.
Футболдан Сауд Арабиясы чемпионатының 13-турында "Әл-Наср" сырт алаңда "Әл-Вехда" командасымен ойнады. 38 жастағы ойыншы 50-минутта гол соғып, командасының 3:1 есебімен жеңіске жетуіне септігін тигізді. Бұл оның команда сапында сырт алаңдағы ойындарда соққан 350-і голы болды. Осылайша жаңа тарихи жетістік биігін бағындырды.
Роналду осы маусымдағы 45-ші голын (команда мен ұлттық құраманы қоса алғанда) соқты. Одан көбірек гол соққан Харри Кейн (47 гол) мен Эрлинг Холанд (48) қана.
"Әл-Наср" командасы 22 тамыздан бергі ойындарында жеңіліс тапқан жоқ. Роналду болса бұл аралықта 16 гол соқты.