русский язык
Әлем футболы

Гризманн «Атлетиконың» бомбардирлер тізімінде екінші орынға көтерілді

Гризманн «Атлетиконың» бомбардирлер тізімінде екінші орынға көтерілді

12 қарашада Испания чемпионатының 13-турының матчы өтіп, онда «Атлетико» өз алаңында «Вильярреалды» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Championat.com сайтына сілтеме жасап.

Кездесу Мадридтегі «Цивитас Метрополитано» стадионында өтіп, 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Бұл кездесуде «Атлетико Мадрид» шабуылшысы Антуан Гризманн гол соқты. Осылайша француз футболшысы мадридтік команда сапындағы 169-голын соғып, клубтың бомбардирлер тізімінде екінші орынға тұрақтады. Гризманға Луис Арагонестің «Атлетикодағы» 172 гол рекордына жетуіне үш гол қалды.

Гризманның мадридтік клубпен келісімшарты 2026 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген. Transfermarkt порталы ойыншыны 25 миллион еуроға бағалап отыр.

Атлетико соңғы сегіз матчта жетінші жеңісіне қол жеткізді. Испания чемпионатының келесі ойынында мадридтік клуб «Мальоркамен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;