русский язык
Әлем футболы

«Реал Мадрид» емдеу бөлімінің басшысын жұмыстан шығарды

«Реал Мадрид» емдеу бөлімінің басшысын жұмыстан шығарды

Мадридтік «Реал» клубтың медициналық бөлімінің басшысы Нико Михичті қызметінен босатты, деп хабарлайды Prosprots.kz тілшісі Marca басылымына сілтеме жасап.

017 жылдан бері командамен жұмыс істеген хорватиялық дәрігердің кетуіне Арда Гюлердің жарақат ала беруі себеп болған.

Жалпы басшылық биылғы маусымдағы жарақаттардың көптігіне және команда ойыншыларының, атап айтқанда Кәрім Бензема, Давид Алаба және Дани Себальоста рецидив болғанына көңілі толмаған, бұл ойыншылар мен дәрігерлер арасында дау тудырды. Михичтің орнына кім келетіні әзірге нақтыланған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, маусым басында мадридтік команданың екі ойыншысы – Тибо Куртуа мен Эдер Милитао тізе буынының жарақатына байланысты ұзақ уақыт алаңға шыға алмайтын болды.

«Реал Мадрид» қазір Ла Лига кестесінде екінші орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;