«Қазақ Сехудосының» мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейінгі қарсыласы анықталды
![«Қазақ Сехудосының» мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейінгі қарсыласы анықталды](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/203991_44ea9eaa50ebe3c0cd4f16460b17f62b.jpg?v=28701330)
Жеңіл салмақта Қазақстан OCTAGON лигасының бұрынғы чемпионы Дамир Төленовтың (10-1) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл Бразилия өкілі Эдсон Аморим (9-4-1) болды. Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді және «қазақ Cехудосының» мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейінгі алғашқы шайқасы болады.
Еске салайық, Төленов OCTAGON 50 турниріндегі алдыңғы жекпе-жегінде күтпеген жерден бразилиялық Клаудесси Бритодан (9-2) мерзімінен бұрын жеңіліп қалған болатын.