русский язык
Қысқы

Қазақстандық спортшы Қытайдағы турнирде тарихи жетістікке жетті

Қазақстандық спортшы Қытайдағы турнирде тарихи жетістікке жетті

Қазақстандық Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Қытайдағы Гран-Придің төртінші кезеңінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қысқа бағдарламада Шайдоров 89.94 ұпай жинаған еді.

Бүгін еркін бағдарламада қазақстандық спортшы 174.52 ұпай еншіледі. Екі бағдарламада да ол үшінші орын алды. 264.46 ұпай жинаған ол турнирді қола медальмен аяқтады. Ол мәнерлеп сырғанаудан Гран-При сериясының кезеңінде жүлде алған алғашқы қазақстандық атанды.

Бұл кезеңде «алтынды» франциялық Адам Сяо Хим Фа еншіледі, күміс медальді жапониялық Шома Уно иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;