Паоло Мальдини «Әл-Иттихадтың» жаңа директоры болып тағайындалуы мүмкін
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызПаоло Мальдини «Әл-Иттихадтың» жаңа директоры болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фабрицио Романоның мәліметінше, Мальдини саудиялық клубтың жаңа директоры лауазымына негізгі үміткер.
«Миланның» бұрынғы директоры болашағы туралы шешімді жақын арада қабылдауы керек.
6 маусымда Мальдини 2019 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан «Миланның» техникалық директоры қызметінен босатылған еді.
Бұған дейін «Әл-Иттихад» басшылығы клубтың бас бапкері Нуно Эшпириту Сантоны қызметінен босатқан болатын. Сауд Арабиясы чемпионатында клуб 5-орында тұр.