Нұралы Әліптің командасы логотипін өзгертті
![Нұралы Әліптің командасы логотипін өзгертті](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/201736_6d020b125498653189ec654efa6e935f.jpg?v=28665114)
Санкт-Петерборлық «Зенит» ресми тelegram-арнасында клубтың логотипі өзгергенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
Алдағы аптада ел чемпионатындағы он жеңістің құрметіне екі алтын жұлдыздың орнына екі ақ жүрек бейнеленіп, интернеттегі агрессияға қарсы күреске ынтымақтастығын білдіреді.
«Көк-ақ-көк желіде және одан тыс жерлерде агрессиямен күресуге бағытталған бүкілресейлік акцияға қосылды. Біз бұл бастамаға қосылып отырмыз, өйткені интернеттегі сөздер зиян тигізетініне сенімдіміз және оны тоқтатуға күшіміз жетеді», - делінген хабарламада.