русский язык
ММА

Танымал қазақстандық файтер Ван Даммның соққысын қайталады (видео)

Танымал қазақстандық файтер Ван Даммның соққысын қайталады (видео)

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Жан-Клод ван Даммның стилінде соққысын көрсетті, жанкүйерлер әлеуметтік желіде видео туралы пікір білдіріп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық 35 жастағы файтер киножұлдыздың аты аңызға айналған соққысын қайталады: Хамитов серіктесінің басынан су бөтелкесін теуіп түсірді.

«Ван Даммның соққысы», - деп жазды Қуат әлеуметтік желіде.

Жанкүйерлер қазақстандық спортшының керемет соққысына баға беріп жатыр, ал кейбіреулер тіпті файтерге «жаңа есім таңдауды» ұсынды.

«Жан Қуат Вандам», «Базар жоқ», «Мәссаған. Шұғыл түрде ойынға қосу керек», «Жан Қуат Найман», «Әуеде - ван Дамм сияқты», «Тамаша!» - деп пікір білдірді жанкүйерлер.

Естеріңізге сала кетейік, «Найман» келесі кездесуін тәжірибелі ресейлік файтер Александр Шлеменкоға қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;