русский язык
Басқа

Франция 2030 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім берді

Францияның Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҰОК) ХОК-қа 2030 жылы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу туралы өтініш жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бүгін ХОК-қа ұсынылған бұл құжат шілде айынан бері жүргізіліп келе жатқан бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Бұл біздің жаңа форматтағы ойындарды өткізуге деген ұмтылысымыздың көрінісі», - деді Франция ҰОК басшысы Давид Лаппартиен.

Франция ойындарды елдің екі аймағында өткізуді жоспарлап отыр: Оверн-Рон-Альпі және Прованс-Альпі-Кот-д'Азур.

2030 жылғы Олимпиаданы өткізуге Франциядан бөлек АҚШ, Швеция және Швейцария да үміткер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;