Рыбакинаның басты қарсыласы екінші жыл қатарынан WTA рейтингінде бірінші орында қалады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызИга Швентек финалдық турнирде жеңіске жетіп, рейтингте бірінші орынға оралды және әйелдер турының көшбасшысы ретінде өзінің 76-шы аптасын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осылайша, поляк теннисшісі WTA рейтингінде екінші жыл қатарынан бірінші орында келеді, сонымен қатар Возняцкиден (2010-2011) кейін бұл жетістікке жеткен ең жас теннисші.
Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні Швентек Канкунда (Мексика) өткен WTA финалдық турнирінде финалда америкалық Джессика Пегуланы 6:1, 6:0 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, поляк теннисшісі қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның (4-орын) WTA турындағы басты қарсыласы.