«Челси» «Тоттенхэмді» АПЛ-дағы көшбасшылықтан айырды
![«Челси» «Тоттенхэмді» АПЛ-дағы көшбасшылықтан айырды](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/472_d4c53ae162bd90c00d34f1fa5e3cff5a.jpg?v=28702116)
7 қарашаға қараған түні Англия Премьер-лигасында көп күткен матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир кестесінде көш бастап келген «Тоттенхэм» өз алаңында «Челсиді» қабылдады. 6-минутта алаң иелерінің жартылай қорғаушысы Деян Кулушевски есеп ашты. Қонақтар 35-минутта есепті теңестіре алды: Коул Палмер пенальтиден гол соқты.
Екінші таймда «Челси» шабуылшысы Николас Джексон хет-трик жасады (75, 94 және 97 минуттарда).
Нәтижесінде кездесу 1:4 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.
Тоттенхэм - Челси 1:4
Голдар: Кулушевски 6 - Палмер 35 пенальтиден, Джексон 75, 90+3, 90+7