Қазақстандық чемпион Мәскеудегі турнирде өнер көрсетуден бас тартты
![Қазақстандық чемпион Мәскеудегі турнирде өнер көрсетуден бас тартты](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/472_6fbe2b971bc57006fa7dce4760d34a4f.png?v=28665029)
Танымал қазақстандық ММА файтері Дәурен Ермеков (16-5) келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ермеков 10 қарашада Мәскеуде өтетін Fight Nights Global турнирінде ресейлік Дмитрий Арышевпен (14-8-1) кездесіп, промоушеннің орта салмақтағы уақытша титулын сарапқа салуы керек еді. Бірақ файтер әлеуметтік желіде бұл кеште өнер көрсетпейтінін мәлімдеді.
«Жарақатыма байланысты бұл турнирде өнер көрсетпеймін», - деп жазды қазақстандық файтер Инстаграм парақшасында.
![](https://img.prosports.kz/news/content//202311/209991_0dfa733b068b82f313e11d90f12b9bea.jpg)
Еске сала кетейік, Ермеков кейінгі жекпе-жегін биыл маусымда өткізген болатын. NFC 52 & Ural FC 3 - Naiza Fighter Championship 52 бірлескен турнирінде қазақстандық файтер ресейлік Руслан Шамиловті (11-5) жеңіп, екі лиганың белбеуін иеленген алғашқы файтер атанған.
Фото: ашық дереккөзден