русский язык
Әлем футболы

1 миллиард еуро: Мессиге қомақты жалақымен ұсыныс түскен

1 миллиард еуро: Мессиге қомақты жалақымен ұсыныс түскен

Сауд Арабиясының «Әл-Хиляль» клубы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиге 1 миллиард еуро жалақы ұсынған, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Чемпионатқа сілтеме жасап.

Le10sport мәліметінше, Месси «ПСЖ» сапында ойнап жүргенде де «Әл-Хилал» өкілдері Парижге ұшып келіп, футболшыға қомақты жалақы ұсынған. Алайда, аргентиналық бұл ұсынысты ешқашан қарастырған жоқ және жазғы трансфер кезеңінде «Интер Майамимен» келісімшарт жасасты.

Мессидің «Интер Майамимен» келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген. Өткен маусымда аргентиналық футболшы америкалық клуб сапында 14 матч өткізіп, 11 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.

Месси «Интер Майами» сапында Лига кубогын жеңіп алды.

Фото: championat.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;