русский язык
Теннис

Андрей Голубев София турнирінің ширек финалына шықты

Андрей Голубев София турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында София (Болгария) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге бастапқы кездесуін жарыстың 2-ракеткалары, америкалықтар Натаниэль Ламмонс – Джексон Уитроумен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-украиналық дуэт тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (8:6).

Екінші сетте америкалық жұп есе қайырды – 6:2.

Супер тай-брейкте А.Голубев – Д.Молчанов таразы басын өздеріне аударды – 10:7.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында олар 5 эйспен көзге түсті.

Америкалықтар 8 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Андрей Голубев – Денис Молчановтың ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;