русский язык
ММА

Атышулы файтер жаңа видео жариялады. Қазақстанда жекпе-жек өткізе ме?

Атышулы файтер жаңа видео жариялады. Қазақстанда жекпе-жек өткізе ме?
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік поп-ММА өкілі Шовхал Чурчаев (5-1) OCTAGON лигасының жейдесін киіп жатқан видеосын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуразиялық аралас жекпе-жек лигасының ресми парақшасында «дебютіндегі қарсыласты» ұсыну жазылған.

Айта кетейік, Чурчаевқа қатысты жанжал көп. Ол 21 қазанда Әбу-Дабидегі UFC 294 турнирінде бразилиялық Пауло Костамен қақтығысқан еді.

Айта кетейік, 18 қарашада Алматыда OCTAGON 52 турнирі өтеді. Онда UFC-ке үміткер қазақстандық Бекзат Алмахан (16-1) сынға түседі. Қарсыласы бразилиялық Ян Ферраз (15-5) болады.

Ал кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Аян Тұрсын (4-0) мен ресейлік Марина Шутова (5-2-1) кездеседі.

OCTAGON 52 ивентіне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 52 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;