русский язык
Хоккей

«Барыс» Ресейде «Ак Барс» командасына есе жіберді

«Барыс» Ресейде «Ак Барс» командасына есе жіберді

Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық команда алғашқы минуттан белсенді қимылымен көзге түсті. «Ак Барс» қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде небәрі 1-минутта «Барыс» хоккейшісі Понтус Оберг есеп ашып кетті. Оның командалас әріптестері Джозеф Лабейт 6-минутта есепті үстемелей түссе, Давид Скленичка 14-минутта мергендік танытты.

Бірінші кезеңнің соңына таман ресейлік клуб есеп айырмасын қысқартты. Бұл голды 16-минутта Дмитрий Яшкин өзінің еншісіне жазды. Одан кейін Дмитрий Юдин — 25, 42, Дмитрий Яшкин — 40, Дмитрий Кателевский — 54-минутта төрт шайба соғып кетті. Осылайша «Барыс» қарсыласына 3:5 есебімен есе жіберді.

Енді «Барыс» 7 қарашада елордада «Ак Барс» командасына қарсы тағы бір ойын өткізеді.

«Ак Барс» (Казань) - «Барыс» (Астана) 5:3 (1:3, 1:0, 3:0)

0:1 - Оберг (Ножье) - 00:41
0:2 - ЛаБейт - 06:38
0:3 - Скленичка (Оберг) - 14:05 ГБ
1:3 - Яшкин (Радулов) - 16:45
2:3 - Юдин (Семенов) - 25:12
3:3 - Яшкин (Шипачев, Лямкин) - 40:57
4:3 - Юдин (Семенов, Журавлев) - 42:35
5:3 - Кателевский (Лямкин) - 54:28

Қақпашылар: Ахтямов (Билялов, 14:05 - 60:00) - Шутов

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;