«Алиэкспресстен әкелінген Шавкат». Файтерлер студияда төбелес шығарды
![«Алиэкспресстен әкелінген Шавкат». Файтерлер студияда төбелес шығарды](https://prosports.kz/upload/news/content//202311/472_19fbbd2ea8f459689c3dd28a7b0b881f.jpg?v=28663744)
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың сыңары пайда болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sportilinet сайтына сілтеме жасап.
«Алиэкспресстен әкелінген Шавкат. Қызық, бұл видеоны Шавкат көрді ме? Ұқсай ма?», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Рахмонов (17-0) келесі жекпе-жегін 16 желтоқсанда (Астана уақытымен 17 желтоқсан күні таңертең) Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында UFC 296 турнирі аясында өткізеді. Қазақстандықтың қарсыласы америкалық файтер Стивен Томпсон (17-6-1) болады.
Рахмонов UFC жартылай орта салмақ рейтингінде бесінші орында тұр, ал Томпсон одан бір саты төмен орналасқан.