русский язык
Әлем футболы

Джуд Беллингем қатарынан үшінші рет «Реалдың» үздік ойыншысы атанды

Джуд Беллингем қатарынан үшінші рет «Реалдың» үздік ойыншысы атанды

«Реалдың» англиялық жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем Мадридтік клубтың қазан айындағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Беллингем қазан айында «Реал Мадрид» сапында бес ойынға қатысты. алты гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Джуд қатарынан үшінші рет айдың үздік футболшысы атанды.

Айта кетейік, 20 жастағы Беллингем 2023 жылдың шілде айында «Реалдың» ойыншысы атанды. Ол мадридтік командамен 2029 жылдың жазына дейін келісімшартқа отырды. Transfermarkt интернет-порталы Англия құрамасының жартылай қорғаушысының нарықтық құнын 150 миллион еуроға бағалайды. Осы маусымда Джуд өз клубында 13 матчқа қатысып, 13 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;