русский язык
Басқа

Голландиялық «Ред Булл» шабандозы Бразилия Гран-приіне жолдама алды

Голландиялық «Ред Булл» шабандозы Бразилия Гран-приіне жолдама алды

Формула-1 Бразилия Гран-приіне іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік нәтижені «Ред Булл» шабандозы Макс Ферстаппен көрсетті. Екінші орынды «Феррари» шабандозы Шарль Леклер, «Астон Мартин» шабандозы Лэнс Стролл үшінші болды.

Айта кетейік, үшінші іріктеу сегменті найзағай мен қатты жаңбырдың салдарынан 10 минуттан кейін аяқталды.

Формула 1. Бразилия Гран-при. Біліктілік:

Үшінші сегменттің нәтижелері:

1. Макс Ферстаппен («Ред Булл») – 1:10,727.
2. Шарль Леклер («Феррари») – 1:11,021.
3. Лэнс Стролл («Астон Мартин») – 1:11,344.
4. Фернандо Алонсо («Астон Мартин») – 1:11,387.
5. Льюис Хэмилтон («Мерседес») – 1:11,469.
6. Джордж Расселл («Мерседес») – 1:11,590.
7. Ландо Норрис («Макларен») – 1:11,987.
8. Карлос Сайнс («Феррари») – 1:17,989.
9. Серхио Перес («Ред Булл») – 1:12,321.
10. Оскар Пиастри («Макларен») – уақыты жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;