русский язык
Әлем футболы

«Манчестер Юнайтед» тарихындағы ең сәтсіз трансферлер жарияланды

«Манчестер Юнайтед» тарихындағы ең сәтсіз трансферлер жарияланды

FourFourTwo журналы «Манчестер Юнайтед» тарихындағы ең сәтсіз трансферлерін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімдегі бірінші орынды 2010 жылы «МЮ» сапына ауысқан Бебе иеленді.

2-орында «Ювентус» жартылай қорғаушысы Поль Погба. Үздік үштікті Эрик Джемба-Джемба түйіндеді.

Топ-5 қатарына Ральф Милн мен Донни ван де Бек енді.

FourFourTwo нұсқасы бойынша «Манчестер Юнайтедтің» ең сәтсіз 10 трансфері:

1. Бебе – 2010 жылы «Виториядан»;
2. Поль Погба – 2016 жылы «Ювентустен»;
3. Эрик Джемба-Джемба – 2003 жылы «Нанттан»;
4. Ральф Милн – 1988 жылы «Бристоль Ситиден»;
5. Донни ван де Бек – 2020 жылы «Аякстан»;
6. Алексис Санчес – 2018 жылы «Арсеналдан»;
7. Гарри Магуайр – 2019 жылы «Лестерден»;
8. Массимо Таиби – 1999 жылы «Миланнан»;
9. Джейдон Санчо – 2021 жылы «Боруссиядан»;
10. Анхель Ди Мария – 2014 жылы «Реал Мадридтен».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;