русский язык
Командалық

«Астана» ВТБ Бірегей лигасы матчында жеңіліп қалды

«Астана» ВТБ Бірегей лигасы матчында жеңіліп қалды

«Астана» баскетболшылары ВТБ Бірегей лигасының тұрақты маусымы аясында Татарстан астанасында өткен матчта жергілікті УНИКС командасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 96:65 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Кездесудің үздік ойыншысы 19 ұпай жинаған қазандық клубтың шабуылшысы Рейнольдс Джален атанды. Қазақстандық клуб сапында 17 ұпайды қорғаушы Маркелл Джонсон жинады.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қарашада «Астана» сырт алаңда MБA командасымен кездеседі.

ВТБ Бірегей лигасы. Тұрақты маусым

УНИКС (Қазан) — «Астана» (Астана) — 96:65 (23:12, 31:25, 22:14, 20:14)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;