русский язык
Футзал

«Қайраттың» Чемпиондар лигасы Элиталық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

«Қайраттың» Чемпиондар лигасы Элиталық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі айналымда өз тобында екінші орын алған алматылық «Қайрат» В тобындағы төрттікке енді. Марлон Веласко командасының қарсыластары португалиялық «Бенфика», словениялық «Добовец» және Косовоның «Приштина» командалары болды.

В тобының матчтары 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында «Приштина» алаңында өтеді.

Элиталық кезеңнің қорытындысы бойынша 4 топтың жеңімпаздары «Төртеу финалын» құрады, онда командалар футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атағын өзара анықтайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;