русский язык
Теннис

Америкалық теннисші әлемнің үздігін маусымда үшінші рет жеңді

Америкалық теннисші әлемнің үздігін маусымда үшінші рет жеңді

Америкалық теннисші Джессика Пегула WTA финалдық турнирінің топтық кезеңіндегі кездесуінде әлемнің бірінші ракеткасы Арина Сабаленканы (Беларусь) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Opta мәліметінше, Пегула бір маусымда үш рет WTA рейтингінде бірінші нөмірді жеңген алғашқы америкалық спортшы болды. Соңғы рет бұған аты аңызға айналған Серена Уильямс (2012) қол жеткізді.

Сондай-ақ, Пегула 2000 жылдан бері бір маусымда үш рет №1-ді жеңген төртінші теннисші болғаны атап өтілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;