русский язык
Әлем футболы

РПЛ клубы Қазақстан құрамасының қорғаушысымен бірге жеңіліп қалды

Ресей кубогы матчында Грозныйдың «Ахматы» Калининградтық «Балтикадан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Калининградта өткен кездесу алаң иелерінің ірі жеңісімен аяқталды – 4:1. «Балтика» сапында голдарды Анджело Анрикес (45-минут), Тамерлан Мұсаев (48-ші және 79-шы минуттар) және Гедеон Гузина (90+3) соқты. Қонақтар соққан жалғыз голдың авторы - Антон Швец (34-ші минут).

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстров «Ахмат» сапында алғашқы минуттан шығып, матч бойы ойнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;