русский язык
Басқа

Cпорт министрі Ермек Маржықпаев Президентке Азиада қорытындысы жайлы есеп берді

Cпорт министрі Ермек Маржықпаев Президентке Азиада қорытындысы жайлы есеп берді

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына Қытайда өткен Азия және Паразия ойындарының қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама нәтижесі жөнінде есеп берілді.

Президент саланы дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін сапалы әрі кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді тапсырды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына министрлікке қарасты салалардағы заңнамалық базаны жетілдіру, еліміздің туристік әлеуетін одан әрі дамыту жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттар бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;