Дәурен Елеусінов танзаниялық боксшыдан жеңілді
![Дәурен Елеусінов танзаниялық боксшыдан жеңілді](https://prosports.kz/upload/news/content//202310/201736_a278b838e4b216c241089ade8423b865.jpg?t=1698671670?v=28666326)
Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (11-2-1, 10 КО) Ыстамбұлда (Түркия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол танзаниялық боксшы Пиус Мпендамен (8-1, 4 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек он раундқа созылып, Мпенданың жеңіске жетті.
Пиус Мпенда кәсіпқой мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді, Дәурен Елеусінов кәсіпқой рингте үшінші рет жеңіліске ұшырады.
Елеусінов үшін бұл 2023 жылғы екінші жекпе-жегі болды, 37 жастағы қазақстандық өзінің кейінгі жекпе-жегін наурызда өткізген – ол өзбекстандық боксшы Бахром Паязовты (22-22, 15 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген.