русский язык
Басқа

Қазақстан каратэшілері әлем чемпионатында тарихи жетістік жасады

Қазақстан каратэшілері әлем чемпионатында тарихи жетістік жасады
Венгрия астанасы Будапештте өткен WKF каратэден әлем чемпионаты Қазақстанның есінде өзінің тарихи нәтижесімен қалды. Каратэшілеріміздің қоржынында түрлі номинациядағы 3 медаль бар, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлемдік каратэ тарихында алғаш рет еліміз үшін ең жоғары стандартты медальді 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде теңдесі жоқ Мөлдір Жаңбырбай жеңіп алды.

Қазақстандық Қайсар Алпысбай (60 келі) алтын медаль үшін финалдық белдесуде грекиялық Кристос-Стефанос Ксеносқа есе жіберді.

Тағы бір жерлесіміз Дидар Әмірәлі (67 келі) қола жүлдесін елге алып келеді.

Осы үш медальдың арқасында Қазақстан делегациясы жалпы командалық есепте 5-орынға ие болды. Бұл - тарихи жетістік. Бұған дейін біздің каратэшілер ересектер арасындағы әлем чемпионатындf алтын алған емес.

Жақында Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында жоғарыда аталған спортшылар жақсы өнер көрсеткенін айта кеткен жөн. Қайсар Алпысбай Азия ойындарының жеңімпазы атанса, Мөлдір Жаңбырбай күміс, Дидар Әмірәлі қола медальмен қанағаттанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;