русский язык
Бокс

Ангелина Лукас титулды жекпе-жекте жеңіліп қалуының себебін атады

Ангелина Лукас титулды жекпе-жекте жеңіліп қалуының себебін атады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) Ыстамбұлда өткен кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңілісінің себебін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек он раундқа созылды және оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті чилилік Даниэла Асенхоға сыйлады.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңіліп қалды.

«Жекпе-жек аяқталғаннан кейін және жеңімпазды жарияламас бұрын, төреші қазылардың жазбаларын жинады. Сол жазбалар бойынша мен 1-7 раундтарда жеңдім, олар менің қолымды көтерді, бірақ содан кейін төреші супервайзерге бұрылды (ол оған бірдеңе деді) және содан кейін менің қарсыласымның қолын көтерді. Жекпе-жек аяқтала салысымен барлық қазының жазбасы өзгеріп кеткен», - деді Лукас.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;