русский язык
Әлем футболы

«Реал Мадрид» «Барселона» түлегіне көз тігіп отыр

«Реал Мадрид» «Барселона» түлегіне көз тігіп отыр

Каталониялық «Барселона» футбол академиясының түлегі, қазір леверкузендік «Байерде» өнер көрсетіп жүрген Алехандро Гримальдоның карьерасын еуропалық суперклубта жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Экрем Конурдың мілңметінше, 28 жастағы қорғаушыға мадридтік «Реал» қызығушылық танытып отыр. Испаниялықтың клубпен келісімшарты 2027 жылдың ортасына дейін есептелген. Футболшының трансферлік құны 25 миллион еуроға бағаланып отыр.

Осы маусымда Алехандро Бундеслигада сегіз матч өткізіп, үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;