русский язык
Басқа

Ханчжоудағы Пара Азия ойындарын Қазақстан 41 медальмен аяқтады

Ханчжоудағы Пара Азия ойындарын Қазақстан 41 медальмен аяқтады

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында соңғы қазақстандық пара-спортшы өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Пара Азия ойындарын қазақстандық пауэрлифтингші 107 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ғани Есентеміров аяқтады. Ол финалда алтыншы орынды алды.

Пара Азия ойындарында Қазақстан барлығы 41 медаль жеңіп алды: 8 алтын, 12 күміс және 21 қола. Ел намысын 14 спорт түрінен 131 спортшы қорғады.

Айта кетейік, 2018 жылы Джакартада өткен Пара Азия ойындарында қазақстандық спортшылар 33 медаль жеңіп алған болатын: бес алтын, 15 күміс және 13 қола.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;