русский язык

ЕУРО-2024 іріктеуі: Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

ЕУРО-2024 іріктеуі: Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Қазақстан құрамасының Сан-Марино және Словениямен өтетін матчтарға шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы тізімге 40 футболшы енді.

Оқу-жаттығу жиыны 5 қарашада Астанада басталады. Ойыншылардың нақты тізімі кейін белгілі болады.

Жиын аясында 10 қараша күні Қазақстан жастар құрамасымен бақылау ойыны жоспарланған. Матч жабық түрде өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қараша айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екі матч өткізеді. 17 қарашада Астанада Сан-Мариномен кездеседі, ал 20 қарашада Словенияға қонаққа барады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;