русский язык

«Астана» еурокубоктағы алғашқы үш ұпайын еншіледі

«Астана» еурокубоктағы алғашқы үш ұпайын еншіледі

Конференция лигасы топтық кезеңінің үшінші туры аясында «Балкани» мен «Астана» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл матч қазақстандық команданың жеңісімен аяқталды.

Кездесу тағдыры бірінші таймда шешілді. Елордалық команда сапында Оганесян мен Абзал Бейсебековтің голды қонақтарға жеңіс сыйлады.

Конференция лигасы. Үшінші тур. С тобы.

«Балкани» (Сува-Река, Косово) – «Астана» (Астана, Қазақстан) – 1:2 (1:2)

Голдар: Оганесян 7 (0:1), Куч 8 (1:1), Бейсебеков 24 (1:2)

Төрешілер: Фотиас (Грекия)

26 қазан. Приштина. «Фадиль Вокри» стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;