русский язык
Дзюдо

Азия пара ойындары: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті

Азия пара ойындары: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында дзюдошылар Динара Куджулова мен Бауыржан Арыстанбеков қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.

Динара Куджулова парадзюдодан J1 санаты бойынша 70 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.

Динара қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Мухаррамкон Абдулсаматованы 11:0 есебімен тізе бүктірді.

парадзюдоФото: Туризм және спорт министрлігі

Бауыржан J1 санаты бойынша 90 келіге дейінгі салмақта индонезиялық Фаджар Памбудиден басым түсіп, тағы бір қоланы қоржынға салды.

Сонымен қатар отандасымыз Даяна Федосова J2 санаты бойынша 57 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;