русский язык
Басқа

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан алтын медаль жеңіп алды

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Ерғали Шәмей Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

J1 категориясында (мүлдем зағип атлеттер) сынға түскен Шамей (73 келі) жартылай финалдық кездесуде индонезиялық спортшы Рафли Анаф Шидкиді жеңіп, финалға шығып, өзбекстандық Шохрух Мамедовты жеңген отандасы Асылан Нұрдәулетовпен кездесті.

Екі қазақстандықтың ішінен Шәмей мықтырақ болып шықты. Осылайша, Ерғали турнирдің алтынын қанжығасына байласа, Асылан ел қоржынына күміс түсірді.

Сондай-ақ Бауыржан Арыстанбеков (90 келі) пен Динара Құджулова (70 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;