«Реал Мадрид» басшылығы Анчелоттидің негізгі құрам таңдауына наразы
![«Реал Мадрид» басшылығы Анчелоттидің негізгі құрам таңдауына наразы](https://prosports.kz/upload/news/content//202310/472_6d1da624d20ecc2aa8c96fee4e48d360.jpg?v=28693232)
«Реал Мадрид» басшылығы клуб бас бапкері Карло Анчелоттидің матчқа шығаратын негізгі құрамына көңілі толмай жүргенін айтқан, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дереккөздің мәліметінше, «Реал Мадрид» Анчелоттидің Испания чемпионатының оныншы турындағы «Севильяға» (1:1) қарсы матчта Лука Модрич пен Тони Кроосты алаңға негізгі құрамда шығарғанына наразы. Басшылық клуб ардагерлері жаңа таланттарға – Цуамени, Камавинга және Вальвердеге жол беруі керек деп есептейді. Клуб олар алаңда көбірек уақыт өткізуі керек деп санайды.