русский язык
Әлем футболы

Криштиану Роналду кәсіби мансабын аяқтайтынын айтты

Криштиану Роналду кәсіби мансабын аяқтайтынын айтты
Португалия ұлттық құрамасының және «Әл-Насрдың» шабуылшысы Криштиану Роналду келер жылы кәсіби мансабын аяқтамайды. Бұл туралы футболшының өзі айтты.

«Жанкүйерлер мені бақытты етсе, мен де солай жауап қайтарамын. Биыл да, келер жылы да ойнаймын. Одан кейін ағзаға байланысты. Ауыр жұмыс мені биік шыңға жетеледі», - деді футболшы.

Бес дүркін Алтын доп иегері мансабының соңына дейін футболдан ләззат алатынын жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;