русский язык

Константин Горовенко «Тобылға» қарсы ойын туралы пікірін білдірді

«Каспийдің» бас бапкері Константин Горовенко «Тобыл» футбол клубына қарсы ойын туралы сұхбат берді:

— Түрлі себептерге байланысты бізде ойыншыларды кең таңдауға мүмкіндік жоқ, сонымен қатар, соңғы 10 күнде 4 ойыншы әртүрлі себептермен көмектесе алмайтындай болып қалды. Дегенмен, біз берілмейміз деп шештік.

Мен ойыншыларға ойнаудан қорықпауларын сұрадым! Бірінші таймда, өкінішке орай, нәтиже болмады, сол қапталда ойын жүрмеді, қос алмастыру жасап, әйтеуір ойынды өзгертуге тура келді.

Біз үшін бәрі қиын болды, бірақ ақырындап, былайша айтқанда, футбол бізге «сыйлық» беріп, гол соқтық.

Бұл ойын өте тартысты болып шықты, «Тобылға» сәттілік тілейміз, ең бастысы маусымды жарақатсыз аяқтауға тілектеспіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;