русский язык
Басқа

Қазақстан Пара Азия ойындарындағы алғашқы алтынды жеңіп алды

Қазақстан Пара Азия ойындарындағы алғашқы алтынды жеңіп алды

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия Пара ойындарында пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық пара ауыр атлет Давид Дегтярев жеңімпаз атанды, деп жазады Prosports.kz.

Ол үздік нәтиже көрсетіп(186) қытайлық Ян Цзиньлан (185) мен вьетнамдық Нгуен Бин Анды (184) басып озып, Азия рекордын орнатты.

Дегтяревтің «алтыны» қазіргі Пара ойындарында Қазақстан үшін бірінші жоғары марапат болды, елде екі күміс және екі қола медаль бар.

Айта кетейік, 27 жастағы Давид Дегтярев қазіргі Паралимпиада чемпионы және 2021 жылғы әлем чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;