АҚШ Гран-приінің үздік сәттері. Видео
«Ред Булл» шабандозы Макс Ферстаппен Формула-1 АҚШ Гран-приінің 19-кезеңінде топ жарып, карьерасындағы 50-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мәреге екінші болып «Мерседес» пилоты Льюис Хэмилтон келді. «Макларен» шабандозы Ландо Норрис үшінші болды.
Айта кетейік, Ферстаппен Катар Гран-приінің қорытындысы бойынша жалпы есепте жеңімпаз болып, Формула-1-дің үш дүркін чемпион атанған еді.